Жабдық жөніндегі Комитет - Зерттеулерді қолдау офисі

ЗҚО|

Зерттеулерді қолдау офисі

Комитет «Назарбаев университетінің» және оның мекемелері/орталықтарының ғылыми-зерттеу және білім беру мақсаттарына арналған жабдықты сатып алудың қажеттігін анықтауға жауап береді.

Құны 10 000 АҚШ долларынан жоғары (бұл сомаға импорттық кедендік тазарту, кедендік баж, салық, сондай-ақ тасымалдауға байланысты шығындар кірмейді) тұратын жабдықты сатып алуға арналған өтінімдерді қарастырудың критерийлері:

жабдықты сатып алу қажеттігінің тиісті негіздемесі;

зерттеулер үшін тиімді болуы және университеттің, мектептің және орталықтардың ағымдағы зерттеу және білім беру міндеттеріне сәйкес келуі;

жайлардың және университетте, мектептер мен орталықтарда қызмет көрсету құралдарының болуы;

жедел қызмет көрсетудің қажеттілігі

техникалық қолдау және үйрету қажеттілігі;

жалпы қолданыс үшін жабдықтың әмбебаптылығы мен пайдалылығы

Құны 250 000 АҚШ долларынан жоғары (жалпы сомаға импорттық кедендік тазарту, кедендік баж, салық, сондай-ақ тасымалдауға байланысты шығындар кіреді) тұратын жабдықты сатып алу туралы шешімді университет өкілдерінен құралған арнайы жұмыс тобы қабылдайды.

Егер де жабдықтың құны 750 000 АҚШ долларынан (барлық шығындар қамтылуы тиіс) асатын болса, онда Комитет өзінің оң шешімінен кейін өтінімді «Назарбаев университетінің» ғылыми-зерттеу жабдығы жөніндегі Жоғары Комитеттің қарауына жібереді.

жабдық бойынша дерекқор жабдықты сатып алуға арналған өтінім үлгісі