Зерттеулерді қолдау офисі

ЗҚО|

Зерттеулерді қолдау офисі

Homepage Slider Web Design New Template

Біз туралы

Ғылыми зерттеулер мен өнертабыстарды ойлап табу – бұл әрдайым көңіл бөлуді және үлкен күш-жігерді талап ететін, ғалымдардың өте қиын және қарқынды шығармашылық қызметі. Алайда инновациялық жобаларды жүзеге асыруда әкімшілік жұмыстардың:

  • демеушілермен келіссөздер жүргізу;
  • гранттарға өтінімдерді беру;
  • жабдықты сатып алу;
  • құжаттама және көптеген басқа жұмыстардың да ролі маңызды.

Аталмыш мәселелерді жетік және қысқа мерзімде «NURIS» ЖМ Зерттеулерді қолдау офисі шешеді. Тиімді түрде түзілген үдерістердің көмегімен ұжым Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлеріне іргелі және ғылыми зерттеулерді жүргізудің барлық кезеңдерінде қолдау көрсетеді.