Жаңалықтар - Зерттеулерді қолдау офисі

ЗҚО|

Зерттеулерді қолдау офисі

Назарбаев Университетінің студенттері Shell eco-marathon Asia-да орталық азияның атынан қатысатын болады!

Біз “Nazarbayev University Research and Innovation System” ЖМ және "Шелл Қазақстан" қолдауымен Назарбаев Университетінің студенттері жыл сайын өтетін “Shell Eco-Marathon Аsia” халықаралық конкурсында алғаш рет Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның атынан қатысатынын қуана хабарлаймыз!

Shell Eco-Marathon – бұл ультра-энерготиімді автомобильдерді әзірлеу, құрастыру, тестілеу және басқару үшін дүние жүзінің студенттер топтарын қатысуға шақыратын халықаралық конкурс.

Конкурста қатысушыларға отынды ең көп үнемдейтін арнайы автомобильдер жобалау және құрастыру қажет. Жеңімпаз автомобилі ең үлкен қашықтықты ең аз отын мөлшерін тұтыну арқылы жүріп өткен топ болады. Конкурс 2018 жылы наурыз айында Сингапурде өтеді.

Топ жетекшісі - Инженерия мектебінің профессоры Michael Yong Zhao, кафедра меңгерушісі Soo Lee Teh, Инженерия мектебінің оқу бөлімі бойынша декан орынбасары Sai Fok.

Топты құттықтаймыз және жеңіс пен жетістік тілейміз!

“Alageum Electric” компаниясымен серіктестік

7-8 маусым 2017 жылы Назарбаев Университетінің делегациясы ретінде «NURIS» ЖМ Бас директоры Айдар Жакупов, Зертттеулерді қолдау офисінің Ғылыми гранттар аға үйлестірушісі Керимкулова Дания, Инженерия мектебі профессоры Мехди Багери және Ғылым мен Технология мектебінің профессоры Алмас Шинтемиров «Alageum Electric» компаниясының зауыттарына сапармен барды.

Сапар барысында делегация Шымкент қаласында салынып жатқан кернеу сыныбы жоғары билік күштік трансформаторларды өндіретін кәсіпорынмен танысты. Компания зауыттары көріп біткен соң, Багери Мехди мен Алмас Шинтемиров Профессорлары өнімді модернизациялау және кәсіпорын жұмысы тиімділігін арттыруға арналған ұсыныстары мен шешімдерін жетілдіру бойынша презентация ұсынды.

Сапар қорытындысы барысында Назарбаев Университеті мен компаниясы арасында жаңа өнімдер түрлерін нығайту мен әзірлеу бойынша серіктестік туралы келісім орнатылды.

«Karlskrona LC AB». Бірлескен даму –жетістіктің негізі

8 маусым 2017 жылы Назарбаев Университетінің делегациясы ретінде «NURIS» ЖМ Бас директоры Айдар Жакупов, Зертттеулерді қолдау офисінің Ғылыми гранттар аға үйлестірушісі Дания Керимкулова, Инженерия мектебі профессорлары Мехди Багери, Еркин Абдильдин, Асма Первин, Луис Рохас және Ғылым мен Технология мектебінің профессоры Алмас Шинтемиров Karlskrona LC AB компаниясының зауытына сапармен Шымкент қаласына барды.

Karlskrona LC AB компаниясының даму бойынша директоры Алымжан Усенбаев делегацияны өндірістің технологиялық процестерімен таныстырып және сынақ алаңдары мен компанияның құю өндірісін көрсетті. Karlskrona LC AB Бас Директоры Валихан Ахметов компанияның Назарбаев Университетімен ынтымақтастық орнатуға мүдделі болып табылатын негізгі проблемалар мен бағыттарын жариялады.

Сапар қорытындысы барысында Назарбаев Университеті мен Karlskrona LC AB компаниясы арасында жаңа өнімдер түрлерін нығайту мен әзірлеу бойынша, Университетінің студенттерін жұмыспен және тағылымдамамен қамту туралы шешім қабылданды.

Назарбаев Университетінің қызметкерлері Атырау және Ақтау қалаларындағы ЖШС «ҚазМұнайГаз» компаниясының «Игеру және бұрғылау технологиялары бойынша ғылыми-зерттеу институтының зертханаларына» барып қайтты.

2017 жылдың 12-14 маусымында Назарбаев Университетінің делегациясы ретінде Ғылым және Технология мектебінің профессорлары Жандос Утегулов мен Фан Хайана, тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінен Гани Несипбеков мен Насера ​​Мадани, сондай-ақ ғылыми жобаларды қолдау кеңсесінің директоры Динара Бердыханова Атырау және Ақтау қалаларындағы ЖШС «ҚазМұнайГаз» компаниясының «игеру және бұрғылау технологиялары бойынша ғылыми-зерттеу институтының зертханаларына» барып қайтты.

ЖШС «ҚазМұнайГаз» компаниясының «игеру және бұрғылау технологиялары бойынша ғылыми-зерттеу институтының зертханаларының» жұмысы ҰҚ ЖШС «ҚазМұнайГаз» кен орындарында тұрақты және тиімді мұңай игеруді қамтамасыз етумен, мұнайды өндіру, бұрғылау, және мұнай өңдеу саласындағы жаңа технологияларды еңгізуге бағытталған.

Бірінші жоба бойынша мұнайдың химия-физикалық қасиеттерін анықтайтын қашықтықтан басқарылатын лазерлі-оптикалық сенсорды дамыту қарастырылған. Ұсынылған зерттеулер мен әзірлемелерді Назарбаев Университетінің лазерлі материалдандыру зертханасының (Ғылым және технологиялар мектебі) профессоры Жандос Утегулов жүргізетін болады. Келесі жобада жаңа байланыс жүйелерін байланыстыруды қамтамасыз ететін фациальдық домендерді жаңа модельдеу әдістері ұсынылды. Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің профессоры Насером Мадани жасайды. Үшінші жоба «мұңай бұрғылау кезінде арналған ферросұйықтықтардың синтезі, сипаттамалары және қолдануы» нанотехнологиялық шешімдерді қолдана отырып, мұнай бұрғылау қондырғыларының мәселесін шешуге көмектеседі. Бұл жобаны ұсынған профессор Хайан Фан (Ғылым және технологиялар мектебі).

«Самұрық-Қазына» қоржындық компаниялары Назарбаев Университетімен ғылыми-зерттеу зертханаларды құру жөніндегі жол карталарына қол қойды

5 мамыр 2017 ж., Астана қ..«Самұрық-Қазына» АҚ (әрі қарай – Қор) қоржындық компаниялары – «Тау-Кен Самұрық» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «Бірлескен химиялық компания» ЖШС – «Назарбаев Университет» ДББҰ (әрі қарай – Университет) химиялық, көмір және геологиялық ғылыми-зерттеу зертханаларын құру бойынша жол карталарына қол қойды.

Бекітілген жол карталары шеңберінде Университет негізінде тәжірибелік ғылыми-өндірістік орталықтарды құру және жабдықтау бойынша жұмыс кешенін өткізу жоспарлануда. Бұл бастаманы Қор мемлекет басшысының Қазақстанның үшінші жаңғыруы туралы тапсырмасына сәйкес қолға алған.

«Бүгінде қоржындық компанияларымыз мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының ұстанымдарына сай әзірленген бастамаларды жүзеге асыруда. Кез-келген модернизацияның мәні өндіріске технологияларды енгізуде. Назарбаев Университетімен қарым-қатынасты нығайту арқасында біздің өсіп келе жатқан және жетілген компанияларымыз кәсіпорындары алдында тұрған нақтылы міндеттерді шешу үшін іргелі зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік алады. Назарбаев Университеті болса, өз кезегінде зертхана алаңына қол жеткізеді, сонымен қатар тәжірибелік зерттеулерді өткізіп, компанияларымыздың қарамағындағы кен орындардан материалдарды сынай алады. Осы бірлескен жұмыстың нәтижесі жоғары болатынына үміт артамыз», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

«Қазіргі таңда біз өзара серіктестіктің үш негізгі бағытын айқындап алдық. Назарбаев Университет пен «Самұрық-Қазына» қорының бірлескен жобаларға кіріскеніне қуаныштымын. Бұл ретте біздің факультет әр алуан салалардағы ғаламдық тәжірибесі мен білімдерімен бөлісуге дайын. Қордың қолдауымен өнеркәсіп, бизнес пен зерттеу факультетіміз арасында тығыз қарым-қатынасты орнату мақсатында біз нақтылы тәжірибелік зерттеулерді жүзеге асырамыз» - деді «Назарбаев Университет» ДББҰ Президенті Шигео Катсу өз кезегінде.

Жол карталары аясында биылғы жылдың күзінде агрохимия өнімдерін халықаралық талаптарға сәйкес сертификациялау бойынша жұмыс істейтін алғашқы зертханалар ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар 2017 жылдың соңына дейін Университет негізінде мұнай өңдіру саласында зерттеу жүргізу үшін арнайы зертхананы құру көзделген. Ал тау-кен ғылыми –өндірістік орталықтардың негізінде байытудан бастап металлургияға дейінгі технологиялық тізбек бойынша өнеркәсіптік сынақтар жүзеге асырылмақ.

Алдағы уақытта Қор Университетпен серіктестікті кеңейтуді көздейді. Жыл аяғына дейін Қордың салалық қоржындық компаниялары мен Университет арасында мұнай-газ және энергетика салаларына қатысты ғылыми-зерттеу зертханаларды құру жөніндегі жаңа жол карталарын бекіту жоспарлануда.

«Спутникалық мәліметтердерді Кабул өзені бассейні аймағындағы сел мен құрғақшылықты жобалау мен жерасты және жерүсті суды үлгілеу» USAID жобасы аясында NURIS Зерттеулерді қолдау кеңсесінің гранттар үйлестірушісі 2017 жылы 10-11 сәуірде Алматыда өткен PEER қаржылық тренингке қатысты.

Бұл шараның ұйымдастырушысы АҚШ Ұлттық Ғылым Академиясы болып табылады. Шараның басты мақсаты PEER жобасымен жұмыс істеу кезінде колданатын USAID ережелерімен, рәсімдерімен, және тәртіптерімен таныстыру мен үйрету болып табылады. Тренингке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан өкілдері қатысты.

Сәуір айының 13-нде “NURIS” жеке мекемесінің қолдауымен RoboCV компаниясымен Назарбаев Университеті профессорлары арасында кездесуі өтті. RoboCV робототехникалық жүйелерін дамуға арналған жас және динамикалық компаниясы. Кездесуде RoboCV компаниясынаң атынан бас директор Сергей Мальцев компания қызмет туралы презентациясымен қатысты. Назарбаев Университеті жағынан бағдарламамен мектеп профессорлары, атап айтқанда робототехника, информатика және электротехника кафедраларынан қатысты. Кездесуде бірлескен жобаларды құру мәселесі талқылынды. Күннің соныңы университет іші бойымен экскурсия жургізумен аяқталды.

RoboCv презентациясына сілтеме

2017 жылы наурыз айында Nazarbayev University Research and Innovation System жеке мекемесі мен National Academy of Science «Спутникалық мәліметтердерді Кабул өзені бассейні аймағындағы сел мен құрғақшылықты жобалау мен жерасты және жерүсті суды үлгілеу» USAID жобасын жүзеге асыру мақсатында келісімшартқа кол қойды. Бұл жоба Қазақстан, Пәкістан, Ауғанстан мемлекеттерінің бірлескен жобасы болып табылады. Зерттеу жұмыстарының ортақ мақсаттары бұл Кабул өзені бассейні аймағындағы селді болжамдау моделін НАСА спутникалық бақылауларды пайдалану арқылы дамыту. Бұл бақылаулар көлем, уақыт, қар еру параметрінің суды жинау масштабында кеңістік бөлуі, сонымен қатар жер үсті мен жер асты суларының біріктірілген үлгілеуі мен болжамдау анализімен қамтамасыз ету.

Спутникалық және егіндік мәліметтердің жер үсті мен жер асты суларының біріктірілген үлгілеуімен байланысуы Кабул маңында тұратын жергілікті тұрғындарды қосымша ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жоба Пәкістан, Ауғанстан және Қазақстан ғалымдарының арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға өзінің ықпалын тигізеді. Су ресурстарының жас мамандары мен ғалымдары осы жобаға тартылатын болады.

Жобаны жүзеге асыру уақыты – Наурыз 2017-Наурыз 2020. Зерттеулерді қолдау офисі аталған жобаның әкімгері болып табылады және жобаның іске асырылуына көмектеседі.

Қаңтар айының 26-нда “NURIS” жеке мекемесінің қолдауымен ВИСТ Групп компаниясымен Назарбаев Университеті профессорлары арасында кездесуі өтті.

ВИСТ Групп компаниясы информациялық технология аясында 25 жылдан астам жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда информациалық жүйелерді және тау-кен, металлургия өнеркәсібі, энергетика, ғылым және телекоммуникацияның түрлі міндеттерін үшін кешенді шешімдерді жүзеге асыруда тәжірибесі мол. Кездесуде ВИСТ Групп компаниясынаң атынан бас директор Дмитрий Владимиров, Стратегия директоры Алексей Владимиров және Қазақстан өкілдігінің бас директоры Едильбаева Гүлсара қатысты. Алексей Владимиров компанияның қызметі туралы баяндама жасады.

Назарбаев Университеті жағынан бағдарламамен мектеп профессорлары, атап айтқанда робототехника, информатика және электротехника кафедраларынан қатысты. Кездесуде бірлескен жобаларды құру мәселесі талқылынды. Күннің соныңы университет іші бойымен экскурсия жургізумен аяқталды.