Ғылыми өтінімдерді сараптау - Зерттеулерді қолдау офисі

ЗҚО|

Зерттеулерді қолдау офисі

«Назарбаев Университеті Ғылыми кеңесінің саясаты мен рәсіміне» сәйкес профессорлық-оқытушылық құрамның барлық мүшелері мен ғылыми қызметкерлер сыртқы гранттарға, оның ішінде Қазақстан Республикасы үкіметінің гранттарына да өтінімдер беруге құқылы. Бірақ солай бола тұра олар сапаға кепілдік алу мен «Назарбаев университеті» брендін қолдау үшін халықаралық сараптамадан (бағалау) өту керек. Осы мақсатта Зерттеулерді қолдау офисі американдық «ORAU» агенттігімен бірге қызмет етуде.

«ORAU» 1946 жылдан бері университеттермен және заңды тұлғалармен жұмыс істеп келе жатқан коммерциялық емес кәсіпорын болып табылады. Агенттік мамандандырылған ресурстар, ерекше зертханалық мүмкіндіктер мен ірі ғылыми-зерттеу университеттерінің консорциумының қолдауының арқасында кешенді ғылыми-техникалық сараптаманы қамтамасыз етеді.

Толығырақ ақпаратты сілтеме бойынша ала аласыздар.

Өтінімді пәндік саладағы үш сарапшы келесі 8 критерий бойынша, 9 балдық жүйемен бағалайды

(1-төмен, 9 – өте жақсы):

  • сапасы мен жаңалығы/инновациялылығы
  • әдіснамасы мен іске асырылуы (оның ішінде жоспар, бюджет)
  • зерттеудің басым бағыттарына сәйкес келуі (ҚР)
  • ғылыми этика
  • өтінім берушінің және жоба қатысушыларының біліктілігі
  • ғылыми инфрақұрылым
  • халықаралық ынтымақтастық
  • дереккөздер/әдебиет (NU Evaluation Criteria-ны қараңыз)

Сараптама нәтижелері бойынша ORAU сарапшылардың толық түсініктемелері мен өтінімнің орташа балы көрсетілген бағалау парағын береді. Кеңсе әр өтінім берушіге/ғылыми жетекшіге бағалау парақтарын (құпия – рецензиялаушының аты айтылмайды ) жібереді.

Сараптама жылына екі рет – қаңтарда және қыркүйекте өткізіледі. Маршруттық парақ өтінімнің бір бөлігі болып табылады және ол профессорлық-оқытушылық құрам үшін міндетті. Бағалауды орындау мерзімі 75 күнтізбелік күнді құрайды. Төртінші сарапшы сараптамаға жұмылдырылған жағдайда, өтінімді қарау мерзімі 90 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады.

НУ ғылыми өтінімінің үлгісі бағыттық қағазы НУ Жабдық өтінімі