Портфолио - Зерттеулерді қолдау офисі

ЗҚО|

Зерттеулерді қолдау офисі

Келісімшарттық зерттеулерді жүргізу.

Зерттеулерді қолдау офисі барлық келісімшарттық зерттеулерге, оның ішінде сыртқы ұйымдармен жасалатын келісімшарттық зерттеулерге жауап береді.

Қызмет кезеңдері:

  • Тәуекелдерді бағалауды жүргізу;
  • Заң сараптамасы;
  • Келісімшарт шарттары бойынша кеңес беру;
  • Келісімшарттарды құрастыру және жүргізу.

2016 жылы Офистің ұжымы ғалымдармен бірлесе Дүниежүзілік банк және «Petrofac» секілді ірі ұйымдар мен компанияларға арналған бірнеше келісімшарттық зерттеулерді сәтті іске асырды.

Саяси опцияларын дамыту үшін орташа жэне ұзақ мерзімді залалды заттардың шығарылуы және көміртек баға белгілеуінің маңызы

Жоба міндеттері:

  • Климаттың өзгеруінің алдын алу бойынша жұмыстың қолда бар үлгісі мен саясатының кемшіліктерін көрсету және талдау;
  • Климат өзгеруіден сақтап алу бүгінгі модель жəне саяси жұмыстырының кемшілігі жəне талдауы;
  • Қабылданған саясатпен қатар жг шығарылуының жолдары;
  • Халықаралық міндеттерді орындауда қабылданған жұмыс принциптерінің әсер ету талдауын өткізу.
  • Экономикаға шығарылымдар квота сауда жүйесінің ықпалы сараптамасын жүргізу.

Жобаны жүзеге асыру аясында кеңесшілермен және үшінші тұлғалармен 35 келісімшарт жасалды, сондай-ақ зерттеу нәтижелері ұсынылған қорытынды семинар өткізілді.

Жобалық топтың құрамы: жетекші – Бакдолотов А., жобалық топтың мүшелері - Аяшев К., Ахметбеков Е., үйлестіруші – Алгалиева Э.

Мұнай және газ өнеркәсібі үшін топырақ пен көмілген құбыр арасындағы өзара әрекеттестікті зерттеу жобаның негізі болып табылады.

Жоба міндеттері:

  • Топырақ пен көмілген құбыр арасындағы өзара әрекеттестікті тестілеудің толық масштабты бағдарламасын өткізу үшін жаңа ғылыми әдісті дайындау;
  • Университет технопаркінің базасында сынағыш қондырғыны жобалау;
  • Табиғи күкіртті газды тасымалдау үшін қолданылатын ауыр жер асты құбырының жаңа желісін жобалау.

Офис ұжымы осынша қиын жобаны іске асыруда баға жетпес тәжірибеге ие болды. Мамандар ол жобаны барлық кезеңдерінде – сатып алу мен жабдықты кедендік рәсімдеуден бастап тәжірибелік қондырғыны шығаруға дейін басқарды. Нәтижесінде 50-ден астам шарт жасалды.

Жобалық топтың құрамы: жетекші – Минх Хоп Нгуен, жобалық топтың мүшелері Инженерия мектебінің профессорлары Дичуан Джанг и Джон Ким, үйлестіруші – Бердыханова Д.

Зерттеулерді қолдау офисі түрлі демеушілермен тығыз ынтымақтастықта.

Демеу көрсету үшін басым салалар:

  • Жаңғырмалы энергетика: жел және күн энергиялары;
  • Плазманың термоядролық синтезі мен физикасы;
  • Нанотехнологиялар мен материалтану;
  • Энергетиканың қоршаған ортаға әсері туралы мультидисциплинарлық зерттеу: биологиялық, химиялық, экологиялық.

Офис қызметтері:

  • Консультациялық көмек пен қолдау көрсету;
  • Тәуекелдерді басқару;
  • Жобаны үйлестіру;
  • Тиісті терминдерді мақұлдау;
  • Келісімнің дұрыс тұрпатын орнату.

Біздің демеушілеріміз:

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттарына өтінімдерді беру

Мамандардың қызметтері:

  • Өтінімдерді техникалық жағынан редакциялау;
  • Бюджетті дайындау;
  • Үшінші тұлғалармен келісімшарттар жасау;
  • Жабдықты/шығын материалдарын сатып алу;
  • Бжғм-ға есеп беру.

«Назарбаев университеті» берген бастапқы гранттар (SEED GRANTS)

2012 жылдың ақпан айынан бастап университет қызметкерлері ғылыми қызметпен қатар, оқытушылық қызметпен де айналысқан жағдайда, ОПҚ зерттеулерін қолдап келеді.

Бүгінгі таңда 93 грант, оның ішінде:

Ғылымдар мен технологиялар мектебі37
Инженерия мектебі27
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі26
Жоғары білім беру мектебі3

Аяқталған жобалардың саны

20122013201420152016
136302910

Қазіргі таңда 5 жоба іске асырылып жатыр.