Сервистер - Зерттеулерді қолдау офисі

ЗҚО|

Зерттеулерді қолдау офисі

Зерттеулерді қолдау офисі ғылыми қызметкерлге және оқытушыларға іргелі және ғылыми зерттеулерді іске асыруға кез келген көмек көрсетеді.

Әкімшілік қолдау

  • Ғылыми өтінімдерді даярлау, ұсыну және бағалау барысындағы ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау;
  • «Бір терезе» қағидасы бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын қаржыландыру және мониторингілеу;
  • Келісімшарттар мен келісімдер бойынша келіссөздер жүргізу;
  • Қаржыландыру мүмкіндіктері туралы ақпаратты ұсыну;
  • Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге және демеушілердің нормативтік талаптарын ұстануға көмектесу;
  • Донорлармен/демеушілермен/тапсырыс берушілермен коммуникация жүргізу;
  • Жоба аясындағы хаттарды, қызметтік хаттарды және шарттарды мақұлдау;
  • Жоба бойынша іссапарларды/іс-шараларды/кездесулерді ұйымдастыру;
  • Келісімшарттар/жобалар шарттарының «Назарбаев Университетінің» саясатымен және миссиясымен сәйкес келуін қамтамасыз ету;
  • Қызметкерлер мен студенттерді тарту мен іріктеу.

Қаржылық қолдау:

  • Бюджетті қалыптастыру мен түзетуге көмектесу;
  • Бюджеттің атқарылуының мониторингісі: жоба бойынша түсімдер мен шығындардың мониторингісі;
  • Төлемге арналған құжаттарды дайындау.

Тауарларды/қызметтерді сатып алу

  • Тауарларды/қызметтерді сатып алу үдерісін ұйымдастыру;
  • Тауарлардың кедендік қолдауын ұйымдастыру;
  • Тауарларды/қызметтерді сатып алу үшін шарттар жобасын дайындау.